Жоба туралы

Бұл не жоба?

Visual сөздік жобасы – қазақ тіліндегі зат есімдерді фотосымен және/немесе графикалық иллюстрациясымен жинайды.

Жоба неге керек?

Жоба авторының субъектив пікірінше, қазақ тіліндегі зат есімдер сөз айналымынан шығып бара жатыр. Баспасөзде, әдебиетте, кеңсе ісінде, тұрмыста зат есімдерді орынсыз пайдалану шарықтау шегіне жетті.  Хабарламаларда (жаңалықтарда) формализация жасау (мысалы, Жайықта қырылған балықтың түрін атамай, тек «балық» дей салу) жаппай көрініске айналды.

Жоба аясында заттардың фотоларының/иллюстрацияларының қорын жасап, қазақ тіліндегі зат есім бойынша анықтама жүйесін құру көзделген.

Жобаның ғылыми негізі бар ма?

Жоқ, жоба әдейі, саналы түрде академиялық емес форматта жүргізіледі. Жоба аясындағы мәліметтер академиялық сөздік емес, білім қоры («knowledge base»). Зат есімді сипаттайтын фото/иллюстрацияның растығы, релеванттығы ғалымдармен емес – көпшіліктің пікірімен, беделді тұлғалардың көзқарасымен бекітіледі. Мүмкін болған жағдайда, академиялық нұсқа келтіріледі, бірақ басымдыққа ие емес.


Жоба Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүргізіліп жатыр.

 

Құрметпен:
Ерлан Оспан, жоба жетекшісі