Қазақша шибболет бар ма?
Қазақша шибболет бар ма?

Қазақша шибболет бар ма?

«Я значит – язык» парағы шибболет туралы қызықты пост жазған екен.

Шибболет – Тәураттан алынған сөз. Қазіргі мағынасы – адамды не адамдар тобын тіл ерекшелігіне байланысты сұрыптауды білдіреді.

Өкінішке қарай, шибболет қанды түсінік. Тәураттағы бір сюжетте – жеңілген тараптың адамдары жеңімпаздардың арасына өтіп кетпеуі үшін, көпірден өтетін адамнан «шибболет» деп айтуды талап етеді. Егер жолаушы “ш”-ға тілі келмей, «сибболет» десе – сол жерде түйреп өлтіреді (не өзенге лақтырады-мыс).

Қызығы сол, бұл өте-мөте көне әдіс орта ғасырларда да кәдеге асқан. 1282 жылы Сицилиядағы француздарға қарсы көтеріліс кезінде, басқыншыларды жазбай тану үшін Палермо көшелерінде «ciciri» («чичири», дақыл атауы) деп айтуды талап ететін болған. Бұл сөзді итальян сазымен нақышына келтіре айта алмаған адам сол жерде өлтіріліп, не тұтқындалатын болған.

Мұндай қанды емтиханға француздар кейін де ұшырайды. 1302 жылы енді Фландрия француздарға қарсы көтеріліп, қазіргі Бельгия жерін біржола тазартпаққа бекінеді. Бұл жолы француздар да, тіпті еместер де «schild en vriend» деген нидерланд сөзін айтудан сүрінеді.

Бұдан әрі қарай, шибболеттің тіпті XX ғасырда да өз адамын танып, бөтенді шеттетуге қолданылғаны туралы бірнеше дерек келтірілген.

Ал сіз, өзге айта алмай тұтығатын қазақша сөз қандай деп ойлайсыз? Әйтеуір ішінде «Ң» әрпі бары анық қой, солай ма?