Бейшаралықтың бір реңкі

Бейшаралықтың бір реңкі

Суретке назар аударсаңыз. Программа «Басқалардың» деген сөзді қате деп тауып… орнына баламалар ұсынып тұр. Бұл скриншотты тап қазіргі электронды қазақ тілінің бар трагедиясына қойылған монументал мүсін деуге болады.

Себебі, қазақ тілінің орфографиялық сөздігі қалай бар – dictionary қорға солай лақ еткізілген. Яғни, қазақ тілінің орфографиясын тексеретін алгоритм жасалмаған.

Әдетте аффикстер (жалғаулар, префикстер, т.б.) базаға түбір сөзден бөлек салынады. Орфография тексеретін ядро мәтінді сол – түбірге жалғаулар қосу ережелеріне сай жұмыс істейді. Алайда ол өте күрделі жұмыс болғандықтан, базаны толтырушылар бір сөздің барлық формасын жазып шыға салады.

Қазақ тілінің орфографиясының сөздігі соңғы рет 2009 жылы жаңартылған (Open Office). Ең көп жаңаратыны MS Office пакетінің орфографиялық ядросы. Бірақ олар өз файлдарын ашық қолданысқа бермейді.

Ерлан Оспан